
Андасова Жанат Заманбекқызы
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Андасова Жанат Заманбекқызы 1969 жылдың 17 қыркүйегінде ШҚО Үржар ауданы 1 Май ауылында дүниеге келген. Ұлты- қазақ. Білімі- жоғары.Үржар ауданы Бестерек ауылында мектеп бітірген.
1984- 1988 ж.ж. Семей қаласындағы Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің «Сольфеджио, музыка әдебиеті және жалпы фортепиано» пәндерінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.
2002- 2007 ж.ж. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Музыкалық білім» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Е.Рахмадиев атындағы балалар музыка мектебінің 1 Май ауылындағы филиалында бастаған.
1989- 1992 ж.ж. Семей қаласындағы №29, №89 балабақшаларда музыка жетекшісі;
1992- 1996 ж.ж. ШҚО Үржар ауылындағы «Ер Төстік» балабақшасында музыка жетекшісі;
1996- 2003 ж.ж. Үржар ауылындағы Н.Крупская атындағы орта мектептің музыка пәні мұғалімі;
1997- 2012 ж.ж. Үржар аудандық Е.Рахмадиев атындағы балалар музыка мектебінің ұстазы;
1999- 2005 ж.ж. Үржар аудандық мәдениет үйінің әртісі;
2005- 2008 ж.ж. Үржар аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі;
2007 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.
2012- 2013 ж.ж. Астана қаласы Білім басқармасының «М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы» МКҚК- ның режиссеры және көркемдік жетекшісі;
2013 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін «Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ- сі бөлімінің басшысы қызметін атқарады.



