
Қосжанов Асқар Серікұлы
Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1978 жылғы 12 ақпанда Семей облысы, Үржар ауданы, Таскескен ауылында дүниеге келген.
2007 жылы Радиотехника және байланыс колледжін «Хатшы-референт» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы Шығыс Қазақстан облысы №20 кәсіптік мектебін «Есептеуіш техника және автоматтандырылған жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз етілуі» мамандығы бойынша аяқтаған.
2018 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін «Есептеу техникасы және автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылғы 5 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Таскескен ауылындағы «Шығыс» ЖШС-де аудармашы қызметінен бастаған. Аталған мекемеде 2008 жылғы 11 қыркүйекке дейін жұмыс атқарған.
2009 жылғы 11 тамыз бен 2017 жылғы 6 ақпан аралығында Үржар ауданы, Таскескен ауылындағы «Космос А.С.» шаруа қожалығында бағдарламашы қызметін атқарған.
2017 жылғы 16 ақпан мен 2021 жылғы 24 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округі әкімі аппаратында маман болып жұмыс істеген.
2021 жылғы 24 ақпаннан 2021 жылғы 18 сәуірге дейін Қоңыршәулі ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы міндетін атқарушы қызметін атқарған.
2021 жылғы 19 сәуір мен 2022 жылғы 4 қаңтар аралығында Қоңыршәулі ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметін атқарған.
2022 жылғы 5 қаңтар мен 2022 жылғы 26 қыркүйек аралығында Қоңыршәулі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметінде болған.
2022 жылғы 27 қыркүйек пен 2025 жылғы 19 наурыз аралығында Абай облысы Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарған.
2025 жылғы 20 наурыз бен 2025 жылғы 4 мамыр аралығында Абай облысы Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметінде болған.





