
Казигулов Еркин Кожахметович
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
1972 жылы туған, білімі жоғары, 1997 жылы Бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша Еуразиялық нарық институтын бітірген. 2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы Қызылорда қаласындағы "Болашақ" университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген.
1991 жылдың шілдесінен 1991 жылдың желтоқсанына дейін - Қызылорда облысы, Қазалы "Агропромэнерго" МХП материалдық есепшісі.
1992 жылдың қаңтарынан 1992 жылдың тамызына дейін - Алматы қаласындағы Қазтұтынуодағы Республикалық кітап қорын жөндеу инженері.
1992-1993 жылдары - "Алматы" ХЖӨ директорының орынбасары, Алматы қаласы.
1993-1996 жылдары - "Байқоңыр" ЖШС бухгалтері, Алматы қаласы.
1996-1997 жылдары - Алматы облысы салық инспекциясының инспекторы.
1997-2002 жылдары - "Сельхозэнерго" жақ вице-президенті, Қызылорда облысы.
2003-2007 жылдары - жеке кәсіпкер.
2007-2008 жылдары - Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы басқармасының бас маманы.
2008-2012 жылдары - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (монополияға қарсы агенттік) Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бас маманы.
2012-2014 жылдары - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (монополияға қарсы агенттік) Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы инспекциясының тергеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, басшысы.
2014-2016 жылдары - ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тергеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.
2016-2017 жылдары - ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерін тергеу бөлімінің басшысы.
2017-2019 жылдары - ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін тергеу бөлімінің басшысы.
2019-2020 жылдары - ҚР ҰЭМ бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.
2020 жылғы 14 қазанда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды





