Набиева Айгуль Ермекқызы

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы

    Набиева Айгуль Ермекқызы
    Руководитель

    Набиева Айгуль Ермекқызы

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    1974 жылы туған.

    1993 жылы "қаржы" мамандығы бойынша Ақмола қаржы-экономикалық техникумын бітірді. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "қаржы және несие" мамандығы бойынша аяқтады. 2020 жылы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Х.Досмұхамедов бизнес және басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

    1993-1996 жылдары - Атырау қаласы Балықшы аудандық қаржы бөлімінің басқарма аппаратының қаржыландыру бойынша аға экономисі.

    1996-2002 жылдары - Атырау облыстық қаржы басқармасының кірістерді болжау және өндірістік емес саланы қаржыландыру бөлімінің жетекші экономисі.

    2002 жылдан 2004 жылға дейін - Атырау облыстық қаржы басқармасы салық және салықтық емес төлемдер бөлімінің бас маманы.

    2004-2008 жылдары - Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бюджетті атқару бөлімінің бас маманы-бас қазынашысы.

    2008-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің бас маманы.

    2017-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті тауар нарықтарындағы монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тергеп-тексеру бөлімінің басшысы.

    2019 жылғы маусым – 2019 жылғы тамыз аралығында - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

    2019 жылғы тамыздан 2020 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы.

    2020 жылдың желтоқсан айынан 2021 жылдың қазан айына дейін- Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

    2021 жылдың 1 қарашасынан бастап- Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері