
Азимов Жандос Қуатбекұлы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы
Өмірбаян
Жандос Әзімов Куатбекович, 1984 жылы 4 қарашада Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Тараз қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 26 орта мектептің бірінші сыныбына барды.
2002 жылдан бастап М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде заң факультетінде оқып, 2006 жылы "Қаржы және қаржы құқығы"мамандығы бойынша толық жоғары білім алды. 2006-2008 жылдары "Әулие Ата" Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша сырттай бөлімінде оқыды.
2006 жылдың қазан айынан 2007 жылдың сәуір айына дейін Алматы қаласы "Мега Центр Инвест" ЖШС-де жылжымайтын мүлік жөніндегі менеджер лауазымында жұмыс істеді.
2007 жылдың қараша айынан 2008 жылдың мамыр айына дейін Алматы қаласы "Вокзал-Сервис" АҚ-ның заң кеңесшісі лауазымында жұмыс істеді.
2008 жылдың қараша айынан 2009 жылдың ақпан айына дейін Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотында бас маман-сот отырысының хатшысы қызметін атқарды.
2009 жылдың ақпан айынан 2011 жылдың шілде айына дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Жамбыл облысы сот актілерін орындау департаментінде бас маман – мемлекеттік сот орындаушысы лауазымында жұмыс істеді.
2011 жылдың шілде айынан бастап 2019 жылдың қыркүйек айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде жетекші маман, бас маман, заңнаманың сақталуын бақылау және талап қою жұмысы бөлімінің басшысы және басшының орынбасарлары лауазымында жұмыс істеді.
2019 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы болып жұмыс істейді.
2020 жылдың қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы.





