
Байтлеу Бердібек Азатұлы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменттінің басшысы
Өмірбаян
1991 жылы туған.
2013 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы "Мемлекеттік саясат"магистратура бағдарламасы бойынша бітірген.
2013 жылдан 2016 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің Әкімшілік-қаржылық, кадрлық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.
2016 жылғы наурыздан 2016 жылғы желтоқсанға дейін-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы.
2016 жылдан 2018 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің бас сарапшысы.
2018 жылдан 2021 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тергеу департаменті картельдерге қарсы күрес басқармасының бас сарапшысы.
2021 жылдан 2023 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің биржалық бақылау департаменті басқармасының басшысы.
2023 жылғы сәуірден бастап-Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің биржалық бақылау департаменті директорының орынбасары.





