Қалдығожин Дәулет Қуатұлы

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы

    Қалдығожин Дәулет Қуатұлы
    Руководитель

    Қалдығожин Дәулет Қуатұлы

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    Қалдығожин Дәулет 1990 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

    Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі.

    2012 жылы Шет тілдер университетін, 2014 жылы Жетісу мемлекеттік университетін, 2020 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

    Экономика ғылымдарының магистрі және мемлекеттік саясат магистрі дәрежесі бар.

    Еңбек жолын 2013 жылы жеке ұйымдарда экономист және қаржы менеджері ретінде бастаған.

    2017 жылдан бастап Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

    2019 жылдан бастап Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция бөлімшелерінде қызмет атқарды.

    2022 жылдың тамыз айынан бастап Президент Әкімшілігі жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның келісіміне сәйкес Жамбыл облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы болып жұмыс атқарды.

    2024 жылғы 18 сәуiрден бастап Президент Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімдері бойынша Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері