Жанабаева Таңшолпан Ерубаевна

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы

    Жанабаева Таңшолпан Ерубаевна
    Руководитель

    Жанабаева Таңшолпан Ерубаевна

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы

    Өмірбаян

    Жанабаева Таншолпан 1984 жылы дүниеге келген.

    Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «математика мұғалімі» мамандығы, Алматы экономика және статистика академиясын "Есеп және аудит" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2007 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің инспекторы болып бастады.

    2008 жылдан 2015 жылға дейін ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы, бөлім бастығы (бөлім басшысы) болып жұмыс істеді.

    2015 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің тауар нарықтарының мониторингі және талдау бөлімінің басшысы болды.

    2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін тергеу бөлімінің басшысы болды.

    2018 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болды.

    2019 жылдың қазан айынан бастап 2020 жылдың қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болды.

    2020 жылдың қазанынан 2022 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    2022 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері