
Тоқжанов Дамир Жакенович
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы
Өмірбаян
Тоқжанов Дамир 1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін "математика", "экономика", сондай-ақ - М.С. Нәрікбаев атындағы ҚГЗУ университетінде "құқық магистрін" тәмамдаған.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.
Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2010- 2011жж Лисаков қаласы әкімінің аппаратында әдіскер болып бастаған.
2011-2013 жылдары Лисаков қаласы әкімдігінде бас маманның м.а.,бас маман, әдіскер боған.
2015-2020 жылдары Рудный және Лисаков қалаларында ішкі саясат бөлімінде бас маман, «Лисаковск қаласы әкімдігінің тұрғын инспекциясы" КММ және «Лисаковск қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" ММ басшысы болып қызметтер атқарған.
2020-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары болып еңбек еткен.
2024 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы болып қызмет атқарады.





