
Ысқақов Арсен Бейсембайұлы
Бәсекелестікті стратегиялық дамыту Департаментінің директоры
Өмірбаян
Арсен Ысқақов 2004 жылы мемлекеттік және муниципалды басқару мамандығы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын "менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау және реттеу Агенттігі Департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.
2005-2006 жылдары Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Басқармасының мемлекеттік монополияны реттеу және талдау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті баға реттеу басқармасының тауарлар мен ақылы қызметтер нарығын реттеу бөлімінің жетекші маманы, бас маманы болып жұмыс істеген.
2008-2014 жылдары отын-энергетика кешенінің, қаржы нарықтарының және өзге де салалардың мониторингі және талдау басқармасының бас сарапшысы, бастығы, отын-энергетика кешенін талдау департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (монополияға қарсы агенттік) мемлекеттік кәсіпорындар мен бірігулерді бақылау департаментінің директоры болып қызмет еткен.
2014-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде қаржы нарығы және өзге де салалар саласындағы тергеу басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасының орынбасары болған.
2020 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Стратегиялық талдау департаментін, 2022 жылғы сәуірден бастап бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаментін басқарады.





