Жарманов Самат Болатұлы

    Бөлім басшысы

    Жарманов Самат Болатұлы
    Руководитель отдела

    Жарманов Самат Болатұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Жарманов Самат Болатұлы 1977 жылы Алматы облысы Қаратал ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген, білімі жоғары.

    2002 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі» мамандығы бойынша, 2018 жылы «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1995 жылы Қаратал ауданы Ақжар ауылының Балқаш орта мектебінің ағылшын пәнінің мұғалімі болып бастаған.

    Әр жылдары Үштөбе қаласының І.Есенберлин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-ұйымдастырушысы, Қаратал ауданы білім бөлімінің әдіскері, Қаратал ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі жетекші маманы, бас маманы, Қаратал ауданы әкімі аппаратының жалпы және қаржы-шаруашылығы бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, Қаратал ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы, Жетісу облысы әкімінің аппараты азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөлімінің бас инспекторы лауазымдарын атқарған.

    2026 жылдың мамыр айынан Жетісу облысы әкімінің аппараты сыртқы байланыстар және протоколдық іс-шаралар бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері