Ақылбеков Бағдат Бақтыбайұлы

    Бөлім басшысы

    Ақылбеков Бағдат Бақтыбайұлы
    Руководитель отдела

    Ақылбеков Бағдат Бақтыбайұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Ақылбеков Бағдат Бақтыбайұлы 1965 жылы дүниеге келген.

    1987 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шоқан атындағы колхозда автогараж механигі болып бастаған.

    1988-1991жж. Шоқан атындағы колхоздың комсомол комитетінің хатшысы болып сайланды, Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы болып істеді.

    1991-1994 жж. Гвардия аудандық механизация және электрлендіру кәсіпорнының механизацияланған жасағының бастығы қызметін атқарды.

    1994 - 2001 жж. шаруа қожалығын басқарды, «Агро» Талдықорған облыстық фермерлер қауымдастығының вице-президенті болып сайланды.

    2001 жылдан бастап Алматы облысы әкімі аппаратының көлік және байланыс бөлімінің бас маманы, басшысы, облыс әкімінің бас инспекторы, әлеуметтік сала бөлімінің басшысы, еңбек инспекциясы басқармасының басшысы, талдау бөлімінің басшысы, Алматы облысы әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

    2022 жылдың тамызынан Жетісу облысы әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері