Қалманбетова Әлия Зейнеқабылқызы

    Бөлім басшысы

    Қалманбетова Әлия Зейнеқабылқызы
    Руководитель отдела

    Қалманбетова Әлия Зейнеқабылқызы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    1975 жылы Алматы облысы Ескелді ауданы Бақтыбай Жолбарысұлы ауылында туған.

    Білімі жоғары. Талдықорған заң институтын, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірген.

    Тұрмыста, қыз тәрбиелеп отыр.

    Еңбек жолын 1996 жылы коммерциялық құрылымдарда заңгер болып бастаған.

    2001- 2005 жж. Талдықорған қаласы әкімі аппаратының бас маман-заңгері қызметін атқарды.

    2005 - 2011 жж. Алматы облысы әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, бас инспекторы болды.

    2011 - 2019 жж. - Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі.

    2019 жылдың қаңтар-қазан айларының аралығында Алматы облысы әкімінің

    «Цифрлық технологиялар басқармасы» ММ-да мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

    2019 - 2021 жж. - Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы.

    2021 - 2022 жж. - Алматы облысы әкімі аппаратының адам ресурстарын басқару және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы.

    2022 жылдың шілде айынан Жетісу облысы әкімі аппаратының адам ресурстарын басқару және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері