Шаухаров Талап Cайлаубайұлы

    Бөлім басшысы

    Шаухаров Талап Cайлаубайұлы
    Руководитель отдела

    Шаухаров Талап Cайлаубайұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Шаухаров Талап Сайлаубайұлы 1982 жылы Алматы облысы Көксу ауданы Талапты ауылында дүниеге келген.
    2001 жылы Талдықорған экономикалық-технологиялық колледжін, 2005 жылы Қазақстан инженерлік-экономикалық университетін салық және салық салу, қаржы және несие мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2004 жылы "Метакон"ЖШС 2-разрядты әртүрлі жұмысшы-жинақтаушы болып бастады.

    2006-2007 жж. - «АБДИ-Компани» акционерлік қоғамының Талдықорған қаласы бойынша филиалының сатушы консультанты, менеджер, қойма бастығы.

    2007-2013 жж. - «Темірбанк» Акционерлік қоғамының Алматы облыстық Өтеген батыр филиалының Талдықорған қаласының банктік қызмет көрсету орталығының маманы, басшысы.

    2013-2016 жж. - «Медиахолдинг «Жетісу Ақпарат» акционерлік қоғамының менеджері, корпоративтік хатшысы.

    2016-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы.

    2019-2021 жж. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы.

    2021-2022 жж. - Талдықорған қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы.

    2022 ж. - Жетісу облысы әкімінің аппараты адами ресурстарды басқару және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторы.

    2022 жылдың қыркүйегінен - Жетісу облысы әкімінің қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері