Нүсіпова Бақытгүл Темірханқызы

    Аппарат басшысының орынбасары

    Нүсіпова Бақытгүл Темірханқызы
    Заместитель руководителя аппарата

    Нүсіпова Бақытгүл Темірханқызы

    Аппарат басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Нүсіпова Бақытгүл Темірханқызы 1970 жылы Талдықорған облысы Киров ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. Білім жоғары. 1994 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын - зооинженер, 2006 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін - юриспруденция мамандықтары бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1987 жылы Талдықорған облысы Киров ауданы Амангелді ауылында «Еңбекші» кеңшары № 2 бөлімшесінің жұмысшысы болып бастаған.

    Кейін Көксу аудандық салық инспекциясының инспекторы, аудандық мәслихат маманы, ауданы әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-кадр жұмысы жөніндегі бөлімнің бас маманы, ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және кадр жұмысы жөніндегі бөлімнің бастығы, Алматы облысы әкімі аппараты кадрмен жұмыс бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, Талдықорған қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы, Көксу ауданы Қабылиса ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде облыс әкімінің бас инспекторы, бөлім басшысы болды. 2020 жылдан Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

    2022 жылдың шілдесінен – Жетісу облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

    «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2021 ж.), «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісімен (2013 ж.) марапатталған .

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері