Мұханов Жанат Мұханович

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі

    Мұханов Жанат Мұханович
    Уполномоченный по этике

    Мұханов Жанат Мұханович

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі

    Өмірбаян

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № Л-03 бұйрығымен тағайындалған.

    Еңбек жолы

    Мұханов Жанат Мұханович 1992 жылғы 20 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында дүниеге келген.

    • 2008 жылы Өскемен қаласындағы О. Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейінің 9-сыныбын тәмамдаған.
    • 2008–2011 жылдары Астана қаласындағы Экономика және қаржы колледжінде білім алған.
    • 2011–2014 жылдары Т. Рысқұлбеков атындағы Қазақ экономика университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша білім алып, «Экономика және бизнес» бағыты бойынша бакалавр дәрежесін алған.

    Еңбек жолын 2017 жылғы 06 қыркүйекте Өскемен қаласындағы «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің қаржы-экономикалық бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.

    2019 жылғы 18 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тарифтік реттеу және өндірістік емес төлемдерді басқару басқармасының тауарларды жіктеу бөлімінде бас маман болып жұмыс істеген.

    2020 жылғы 03 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан департаментінің жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс істеу бөлімінің бас маманы болып тағайындалған.

    2022 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан департаментінің мүлікті басқару бөлімінің басшысы болып тағайындалған.

    2023 жылғы 05 сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері