
Сарыпбеков Канат Нургалиевич
ҚР ҚМ ММЖК Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі
Өмірбаян
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің
2025 жылғы 18 тамыздағы №13-ж/қ бұйрығымен тағайындалған.
Мансабы
Сарыпбеков Канат Нургалиевич 1974 жылы 13 мамырда туылған, жоғары білімді-халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы экономист (Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, 1995-1999жж.)
Еңбек жолын 1995 жылдың шілде айынан бастаған. Жалпы еңбек өтілі 26 жыл.
1995 жылдың шілде айынан бастап 1996 жылдың тамыз айы аралығында «Парасат» шаруа қожалығының жабдықтаушысы. 1996 жылдың тамыз айы мен 1999 жылдың тамыз айы аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер бас басқармасының Ішкі істер органдарында үзіліссіз қызмет еткен. 1999 жылдың тамыз айы мен 2022 жылдар аралығында «Орталық Азия Трастық Компаниясы» ЖШС-нің атқарушы директоры, «Евразиялық банк» ЖАҚ-ның экономикалық қауіпсіздік бөлімінің жетекші маманы, «BESTINVEST «Зейнеткерлік активтерді басқару жөніндегі компания» ЖАҚ-ның Бэк-офис департаментінің директоры, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасы,
«Asia Broker Service» АҚ-ның тәуелсіз директорлар кеңесінің директоры, «Алматы қаласы әкімдігінің «Водоканал» МКМ бас директоры, «Доминант-Химикал» ЖШС-нің директоры, ҚР ҚАҒӨ ММРК «Резерв» РМК «Комета» филиалының директоры, «Оңтүстік» қаржы-сауда өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС қаржы мәселелері бойынша директордың орынбасары қызметтерін атқарған.
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің саласында 2023 жылдан бастап жұмыс істейді, Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімі бас маманы, одан соң бөлім басшысы болып қызмет атқарған.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарады.



