Айнабеков Бауыржан Қазбекұлы

    Алматы қаласы бойынша ММЖД әдеп жөніндегі уәкілі

    Айнабеков Бауыржан Қазбекұлы
    Уполномоченный по этике

    Айнабеков Бауыржан Қазбекұлы

    Алматы қаласы бойынша ММЖД әдеп жөніндегі уәкілі

    Өмірбаян

    «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 104-Л бұйрығымен тағайындалды.

    Жалпы мәлімет және білімі

    Айнабеков Бауыржан Қазбекұлы 1971 жылғы 25 желтоқсанда туған, Алматы облысы Іле ауданының тумасы.

    Жоғары білімді.

    1994 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын «Агроөнеркәсіп кешені салаларындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша бітірген.

    2007 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолы

    Еңбек жолын 1994 жылы салық органдарында бастаған.

    Әр жылдары Алматы облысы бойынша салық комитетінде салық инспекторы, жетекші және бас салық инспекторы қызметтерін атқарған.

    Алматы облысының Талғар және Жамбыл аудандары бойынша салық органдарында бөлім басшысы және төрағаның орынбасары лауазымдарын атқарған.

    2007–2010 жылдары Алматы облысы Іле ауданы бойынша салық органдарын басқарған.

    2010–2012 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша салық басқармасының басшысы қызметін атқарған.

    2012–2014 жылдары Алматы облысы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары болған.

    2014–2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы және Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерін басқарған.

    2019–2021 жылдары Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

    2021–2023 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болған.

    2023 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері