Сайдалина Анар Жұмабекқызы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі

    Сайдалина Анар Жұмабекқызы
    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Сайдалина Анар Жұмабекқызы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі

    Өмірбаян

    «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2025 жылғы 3 маусымдағы № 126-ж/қ бұйрығымен тағайындалды.

    Сайдалина Анар Жұмабекқызы 1973 жылғы 28 қазанда Ақмола облысы Зеренді ауданының Еленовка ауылында дүниеге келді.

    1995 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, 2001 жылы «Тұран» университетін бітірді.

    Өзінің еңбек жолын 1995 жылы бастады. Көкшетау облысы, Щучье ауданы, Щучинск қаласы әкімі аппаратының қалалық білім басқармасы тілдер бөлімінің маман-аудармашысы, Щучинск қаласы әкімі аппаратының Ішкі саясат және әлеуметті ксала бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    1998 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс басқармасының Ұйымдастыру жұмысы бөлімінің жетекші маманы, кейін Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс басқармасының Инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс атқарды.

    2000 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқармасы Республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларды оңтайландыру және реформалау бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.

    2002 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқармасының республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларды оңтайландыру және реформалау бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

    2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы болып қызмет атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері