
Әділбекова Толқын Әлиқызы
ҚР ҚМ ММЖК Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі
Өмірбаян
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» РММ 2025 жылғы 26 наурыздағы № 11-ж/қ бұйрығымен тағайындалды.
Толқын Әлиқызы Әділбекова 1979 жылы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Төменарық ауылында дүниеге келген.
01.09.1996-21.06.2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің (Алматы қ.) Халықаралық қатынастар факультетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша оқып бітірген.
2005 жылы Қарағанды экономикалық универитетінің (Қарағанды қ.) «Экономика» факультетін аяқтаған.
2022 жылы Leeds университетінің (Ұлыбритания) Әлеуметтану және әлеуметтік саясат мектебінің Мемлекеттік басқару магистрі бойынша оқып бітірген. Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері.
Мемлекеттік қызметтегі өтілімі 22 жыл.
Еңбек жолын 12.07.2001-14.06.2002 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Қазақ мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институты Баспа бөлімінің 1-санатты редакторы лауазымынан бастаған.
17.07.2002-03.11.2002 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс миниcтрлігі Акцизделетін өнімдердің өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау комитетінің Мұнай өнімдері мен энергетикалық ресурстарға акциздер департаменті Өндірістік бақылау бөлімінің бас маманы;
04.11.2002-29.06.2003 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Ұйымдастыру-инспекциялық басқармасының Инспекциялық бөлімінің бас маманы;
30.06.2003-21.12.2004 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Ұйымдастыру-инспекциялық басқармасының Ұйымдастыру - инспекциялық бөлімінің бас маманы;
22.12.2004-02.08.2005 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Ұйымдастыру-кадр басқармасының Ұйымдастыру-кадр бөлімінің бас маманы;
03.08.2005-31.05.2008 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Республикалық меншік объектілерін сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасының бас маманы;
01.06.2008-16.02.2025 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Республикалық меншік объектілерін сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасының бас сарапшысы қызметінін атқарған.
2025 жылдың 17 ақпан айынан бастап күні бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысының орынбасары.
Отбасылы, балалары бар.



