
Ахметов Бексұлтан Ерімбетұлы
Қазақстан Республика Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары
Өмірбаян
Ахметов Бексұлтан 1992 жылы дүниеге келген.
2013 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде , құқықтану және экономика мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Мамандандырылған базасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңгері ретінде бастаған.
2015 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Заңнаманың сақталуын бақылау және талап қою жұмысы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы қызметін атқарды.
2015 жылдың шілдесі 2018 жылдың қарашасы аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Заңнаманың сақталуын бақылау және талап қою жұмысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істедген.
2018 жылдың желтоқсаны 2019 жылдың қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Тауар нарықтарында монополияға қарсы Заңнаманы бұзушылықтарды тергеу бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап 2020 жылдың қыркүйек айы аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика минисртлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Бақылау және наразылық-талап арыз жұмысы басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап 2020 жылдың қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті тергеу бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап 2022 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тергеп-тексерулер бөлімінің бөлім басшысы қызметін атқарады.
2022 жылдың тамыз айынан бастап 2022 жылдың қазан айына дейін Қазақстан республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бәсекелестікті дамыту бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2022 жылдың қазан айынан бастап 2025 жылғы 11 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тергеп-тексерулер бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2025 жылдың 12 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.





