Абилкайрова Майя Жумамуратовна

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

    Абилкайрова Майя Жумамуратовна
    Заместитель директора

    Абилкайрова Майя Жумамуратовна

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Майя Абилкайрова 1984 жылы дүниеге келген.

    2005 жылы Ақтөбе облыстық Қ. Жұбанов атындағы мемлекеттік университетін кәсіпорындарының экономист-менеджері мамандығы, ал 2008 жылы Қазақ гуманитарлы-заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2006 жылы "Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі" ММ материалдық шығындар мен коммуналдық меншікті қаржыландыру бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

    2009-2012 жылдары «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» ММ-нің бас маманы қызметтерін атқарған.

    Бәсекелестік органда 2012 жылдың қараша айынан бастап «ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы жұмысын атқарды.

    2014 жылдан 2017 жылға дейін "ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" РММ талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы болды.

    2017 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

    2019-2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастырушылық жұмыс бөлімі басшысы қызметін атқарады.

    2020-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы қызметін атқарды

    2025 жылғы 18 қыркүйектен бастап ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері