
Камзинов Руслан Рымбайұлы
ҚР ҚМ ММЖК Павлодарский мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі
Өмірбаян
«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 212 бұйрығымен тағайындалды.
Жалпы ақпарат, білімі
Камзинов Руслан Рымбайұлы, 1982 жылы 16 наурызда Павлодар қаласында дүниеге келген.
2008 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша «Юриспруденция бакалавры» біліктілігімен бітірген.
2015 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес бакалавры» біліктілігімен бітірді.
Мансап
Еңбек жолын Павлодар қаласында «Рудан» ЖШС-де 03.07.2006 жылы заңгер болып бастады.
12.08.2013 жылдан бастап 31.10.2013 жылға дейін «Павлодар облысы қаржы басқармасы» ММ заңды тұлғалармен жұмыс істеу бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
31.10.2013 жылдан бастап 18.12.2014 жылға дейін «Павлодар облысы қаржы басқармасы» ММ ревизиялық-құқықтық бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
18.12.2014 – 20.02.2015 аралығында – «Павлодар облысы қаржы басқармасы» ММ ұйымдық-құқықтық, кадрлық және аналитикалық жұмыс бөлімінің басшысы.
20.02.2015 бастап 10.04.2015 дейін «Павлодар облысы қаржы басқармасы» ММ заң жұмысы бөлімінің басшысы.
04.05.2015 жылдан бастап 20.07.2015 жылға дейін – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімнің бас маманы.
20.07.2015 жылдан 25.06.2020 жылға дейін – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ кадр жұмысы және құқықтық қамтамасыз ету бөлімнің бас маманы.
26.06.2020 жылдан бастап 13.09.2020 жылға дейін – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ мүлікті иелену бөлімінің басшысы.
14.09.2020 жылдан бастап 05.01.2022 жылға дейін – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.
05.01.2022 жылдан 31.10.2023 жылға дейін – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ кадр және құқықтық жұмысы бөлімнің басшысы.
01.11.2023 жылдан 16.12.2025 жылға дейін – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ активтерді басқару бөлімнің басшысы.
2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.



