
Рахметова Айнур Кайргазыевна
ҚР ҚМ ММЖК Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі
Өмірбаян
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 2025 жылғы 04 тамыздағы № 40-ж/қ бұйрығымен тағайындалды.
Рахметова Айнур Кайргазыевна 1976 жылы Семей облысы Мақаншы ауданында дүниегекелген.
Ұлты–қазақ.
Екі жоғары білімі бар, Абай Құнанбаев атындағы Алматы мемлекеттік университетін «шығыстану» мамандығы бойынша және «ҚазТұтынуОдағы» Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті жүйесіндегі жұмыс өтілі – 20 жыл.
Еңбек жолын 1998 жылы Абай облысы Үржар ауданында жалпы білім беру орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2010 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің заңды тұлғалармен жұмыс және заңды тұлғалардың мүлкімен жұмыс бөлімінің бас маман болып қабылданған. 2010 жылы 24 тамызда кадр және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы қызметіне ауыстырылған. Осы бөлімнің бас маманы болып 2022 жылдың 08 желтоқсанына дейін қызмет атқарған.
2022 жылы 09 желтоқсанда кадр және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы болып тағайындалған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті кадр және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарады.



