
Ахметов Айдан Нұрланұлы
Цифрландыру департаменті директорының орынбасары
Өмірбаян
Ахметов Айдан
1990 жылғы 21 қазанда дүниеге келген.
Білімі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бакалавр.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – «Экономика» мамандығы бойынша магистр.
Еңбек жолы
Еңбек қызметін 2011 жылғы 7 қыркүйекте С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасында техник-бағдарламашы ретінде бастап, 2014 жылғы 30 маусымға дейін жұмыс істеді.
2014 жылғы 14 шілдеден 5 қыркүйекке дейін «Қазтелерадио» АҚ Павлодар филиалында ақпараттық технологиялар жөніндегі маман лауазымын атқарды.
2014 жылғы 8 қыркүйектен 2020 жылғы 12 ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінде F6 басқармасында сарапшы, кейін бас сарапшы қызметтерін атқарды.
2020 жылғы 12 ақпаннан 2024 жылғы 6 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жұмылдыру дайындығы және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2024 жылғы 7 қазаннан 2025 жылғы 20 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы құрылыстарын дамыту департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2025 жылғы 21 мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Цифрландыру департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарады.





