
Әжібеков Жүсіпбек Өмірзақұлы
Су ресурстары бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Әжібеков Жүсіпбек Өмірзақұлы 1965 жылы 12 желтоқсанда Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ж. Махамбетов ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтының инженер-гидротехник мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын:
1990-1996 жылдар аралығында Бесарық ауылында ССРО-ның 50 жылдығы атындағы совхоз, бас гидротехник қызметі;
1996-1997 жылдар аралығында Сырдария ауданы ауылшаруашылық басқармасы, егін шаруашылығы жөніндегі бас маманы;
1997-2018 жылдар аралығында Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі, егін шаруашылығы жөніндегі бас маманы, сектор меңгершісі қызметтерін атқарған;
2018-2020 жылдар аралығында Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының егіншілік және өсімдік қорғау бөлімінің бас маманы қызметін атқарған;
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының егіншілік және тұқым шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.





