
Руководитель отдела
Балденов Болатбек Айболатұлы
Стратегиялық бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1989 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 2011 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясын "Есеп және аудит" және 2020 жылы Қызылорда "Болашақ"университетін "Құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы облыстық статистика жөніндегі есептеу орталығы ЕМК тираж және полиграфиялық қызмет көрсету бөлімінің І дәрежелі маманы болып бастаған.
2009-2011 жылдары Астана қаласының Статистика департаментінде жетекші маман, бас маман;
2011-2015 жылдары Қызылорда облысының статистика департаменті Байқоңыр қаласы және Қазалы ауданы бойынша бас маман, басқарма бастығының міндетін атқарушы;
2015-2020 жылдары "ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Қызылорда облысының Статистика департаменті" РММ қаржы басқармасының басқарма басшысы;
2021 жылдан бүгінгі күнге дейін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті ішкі әкімшілендіру бөлімінің бөлім басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.





