Изкенов Бағдат Оразбекұлы

    Стратегиялық бағдарламаларды үйлестіру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

    Изкенов Бағдат Оразбекұлы
    Руководитель отдела

    Изкенов Бағдат Оразбекұлы

    Стратегиялық бағдарламаларды үйлестіру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    1981 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылында дүиеге келген.

    Білім: Жоғары, 2004 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті – құқықтану, экономика мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолы: 2005 жылы 4 қарашаға дейін Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің туристік қызметті реттеу, сауда және лицензиялау бөлімінің жетекші, 2005-2008 жылдары туристік қызметті реттеу, сауда және лицензиялау бөлімінің бас маманы, 2008-2009 жылдары кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы, 2009 жыл 31 желтоқсанға дейін әкімшілік бөлімінің бас маманы, 2010-2012 жылдары Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының әкімшілік-қаржы және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, 2012-2013 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызметті өткеру және персоналды басқаруды бағалау бөлімінің бастығы, Қызылорда облысының білім басқармасының ұйымдастыру және әкімшілік бөлімінің бастығы, 2013-2017 жылдары Қызылорда қаласының химия-биологиялық бағыттағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымы филиалының заңгері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқолық профилактикасы басқармасының бас маманы, сыбайлас жемқолық профилактикасы басқармасының басшысы, 2019-2020 жылдары Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

    2020 жылдың 11 қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері