
Досмаилов Талғат Дүйсенәліұлы
Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1974 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Білімі: Жоғары, 1999 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін - құқық және құқықтық тәрбие беру әдістемесі, 2004 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін - юриспруденция мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1992-1993 жылдары "Кызыл-Ордастрой" трест аспазшы, 1995-2000 жылдары "Агрофирма "Лизинг" жұмысшы, 2001-2002 жылдары "Сырбойы орманы" МКК-да заңгер, 2003-2004 жылдары Қызылорда облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас маманы, 2004-2005 жылдары Қызылорда облысының әділет департаментінің Сырдария аудандық бөлімінің бастығы, 2005-2006 жылдары Қызылорда облысының әділет департаментінің Сырдария аудандық әділет басқармасы бастығының міндетін атқарушы, 2006-2008 жылдары Қызылорда облысының әділет департаментінің бөлім бастығы, 2008-2009 жылдары Облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы, 2009-2010 жылдары Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының құқықтық қамтамасыз ету, ұйымдастыру-кадрлар жұмысы және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы, 2010-2011 жылдары Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жобалар және экологиялық сараптама бөлімінің бастығы қызметерін атқарған.
2011 жылдың желтоқсан айынан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің басшысы.





