Айтжанова Жұлдызай Жыланбасқызы

    Су ресурстар бөлімінің басшысы

    Айтжанова Жұлдызай Жыланбасқызы
    Руководитель отдела

    Айтжанова Жұлдызай Жыланбасқызы

    Су ресурстар бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    1963 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.

    Білімі: Жоғары, 1982 жылы Алматы есеп-кредит техникумын - еңбек-жинақ кассасының есебі мен оперативті техника, 2001 жылы Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін - қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолы: 1982-1985 жылдары Қармақшы аудандық Халық банкінің орталық сберкассасында кассир, 1985-1988 жылдары Халық банкінің орталық сберкассасының аға контролеры, 1988-1990 жылдары Қармақшы аудандық Халық банкінің орталық сберкассасының кассалық-операция жұмыстарын қадағалауды ұйымдастыру бөлімінің экономисті, аға инспектор, 1990-1991 жылдары Қармақшы аудандық сбербанкінің бухгалтері, 1991-1994 Қармақшы аудандық сбербанкінің бас инспекторы, тексеруші бухгалтер, 1994-1995 жылдары аға инспектор, 1995-1997 жылдары Алматы қаласы Медеу аудандық Халық банкінің аға контролер-кассирі, аға контролер, 1997-2002 жылдары Алмалы аудандық Халық банкінің аға контролері, 2003-2006 жылдары Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің жедел қорғау бөлімінің экономист-есепшісі, 2006 жылы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің әкімшілік бөлімінің жетекші маманы, 2006-2012 жылдары әкімшілік бөлімінің бастығы, қаржылық талдау-бақылау бөлімінің бастығы қызметерін атқарған.

    2012 жылдың 18 маусымынан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.



    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері