Дарибаева Гүлнар Жұмабайқызы

    Бөлім басшысы

    Дарибаева Гүлнар Жұмабайқызы
    Руководитель отдела

    Дарибаева Гүлнар Жұмабайқызы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Дарибаева Гүлнар Жұмабайқызы 1978 жылы туған. Білімі жоғары: Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, мамандығы экономист, Ө. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы, экономика ғылымдарының магистрі, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептерде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

    Еңбек жолын 1999 жылы Алматы облысы Көксу ауданының халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде жалғыз басты қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі болып бастаған.
    Әр жылдары Көксу ауданы әкімі аппаратының жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы, еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, сектор меңгерушісі, ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және кадр мәселелері бөлімінің бас маманы, персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы, Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, персоналды басқару бөлімінің, Ұлттық мұрағат қорын жинақтау және құжаттаманы бақылау бөлімінің басшысы, Жетісу облысы Көксу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және АХАТ бөлімінің басшысы, Алматы облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Ұлттық мұрағат қорын жинақтау және құжаттаманы бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
    2024 жылдың сәуір айынан бастап Жетісу облысы әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері