
Өмірбаян
білім беру ұйымының педагог қызметкерлеріне оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда және әдістемелік қамтамасыз етуде, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нысандарын, әдістері мен құралдарын негізді таңдауда және практикалық пайдалануда, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруде көмек көрсетеді;
- білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие процесінің жай-күйін талдайды, оны ұйымдастырудағы және тиісті бейін бойынша әдістемелік қамтамасыз етудегі қайшылықтар мен мәселелерді анықтайды;
- орта білім беру ұйымдарының оқу процесінде қолданылатын оқу-бағдарламалық құжаттамасын бейін бойынша талдайды;
- педагогтарға жұмыс оқу-бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және бейіндік пәндер бойынша әдістемелік қамтамасыз етуге көмек көрсетеді және жұмысты ұйымдастырады;
- педагог қызметкерлерге кеңес береді, оларға бейіні бойынша қажетті әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
- педагогтердің кәсіби шеберлік байқауларын дайындауға және өткізуге, бейін бойынша қалалық оқу-әдістемелік іс-шараларға қатысады;
- тиісті ғылыми және оқу-әдістемелік білім беру органдарымен олар жүргізетін эксперименттік жұмысқа қатысу, жаңа үлгілік оқу-бағдарламалық құжаттаманы, оқу және әдістемелік құралдар мен әзірлемелерді, оқытудың өзге де құралдарын әзірлеу және оларды сынақтан өткізу мәселелері бойынша өзара іс - қимылды қамтамасыз етеді;
- озық басқарушылық және педагогикалық қызмет тәжірибесін анықтау, қалыптастыру, зерделеу, жинақтау және педагогикалық ортаға трансформациялау, педагогикалық шығармашылықты дамыту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- білім беру ұйымдарында ақпараттандыру бойынша әдістемелік жұмыс жүйесін ұйымдастырады;
- «Информатика» пәнін оқыту және әдістемелік қамтамасыз ету жағдайын зерделейді және талдайды, оқу процесінде қолданылатын құжаттаманы талдайды, бақылау жүргізеді және қажетті есептік құжаттаманы ұсынуды дайындайды;
- «Билимал» АБЖ, «Электрондық журнал», электрондық мектеп жобасының іске асырылуына бақылау жүргізеді;
- мектепті ақпараттандыру мәселелерін, мектепті ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз етуді дамытудағы өзекті және перспективалық қажеттіліктерді, мектептің ақпараттық және коммуникациялық қамтамасыз ету саласындағы перспективалық мүмкіндіктерін, мектепті ақпараттандыру процестерінің барысын, дамуы мен нәтижелерін талдайды;
- мектепті ақпараттандыру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру процесін, ақпараттандыру процесін дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеуді және орындауды жоспарлайды және ұйымдастырады;
- ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану саласындағы оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және орындау, сондай-ақ қажетті оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу бойынша педагог қызметкерлердің бірлескен қызметін үйлестіреді;
- мектепті ақпараттандыру процесін басқарады, білім беру мекемесінің интернет желісінің ресурстарына тұрақты қол жеткізуін қамтамасыз етуді, тәрбие мен оқыту міндеттерімен үйлеспейтін интернет желісінің материалдарын контенттік сүзуді жүзеге асыруды, мектептерді ақпараттандыру мәселелері бойынша қабылданған шешімдерді орындауды, мектепішілік жергілікті желіні құруды бақылайды;
- техникалық қолдау қызметімен байланысты жүзеге асырады. Әр тоқсан аяқталғаннан кейін директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасарымен бірлесіп электрондық журналдың толтырылуына бақылау жүргізеді;
- ҰБДҚ-ны сапалы және уақтылы толтыру және пайдалану бойынша жалпы үйлестіреді;
- мектеп оқушыларының веб-сайттарға кіруін және әртүрлі контенттерді бақылайды;
- МТБ (компьютер, жаңа модификациялы кабинеттер, кең жолақты интернет, мектеп жиһазы, шкафтар) нығайту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
- оқушыларды тиісті бейін бойынша халықаралық салыстырмалы зерттеулер (PISA және TIMSS) жүргізуге дайындау, сондай-ақ техникалық сүйемелдеу бойынша «Айқын» өткізуді ұйымдастырады;
- өз бағыты бойынша ҰБДҚ-ны сапалы толтыруды қамтамасыз ету;





