
Өмірбаян
- бастапқы есепке алу құжаттамасының бірыңғай нысандарына сәйкес бөлімнің, оның бөлімшелерінің жеке құрамының есебін жүргізеді; - еңбек заңнамасына, бөлім басшысының ережелері мен бұйрықтарына сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды, сондай-ақ кадрлар бойынша басқа да белгіленген құжаттаманы ресімдейді; - қызметкерлердің жеке істерін қалыптастырады және жүргізеді, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізеді; - біліктілік, аттестаттау, конкурстық комиссиялар үшін қажетті материалдарды дайындайды және қызметкерлерді көтермелеуге және марапаттауға ұсынады; - еңбек кітапшаларын толтырады, есепке алады және сақтайды, еңбек өтілін есептейді, қызметкерлердің қазіргі және өткен еңбек қызметі туралы анықтамалар береді; - қызметкерлерді көтермелеу және марапаттау туралы еңбек кітапшаларына жазбалар жасайды; - қызметкерлердің сандық, сапалық құрамы және олардың қозғалысы туралы ақпаратты бөлім жеке құрамы туралы деректер банкіне енгізеді, оның уақтылы жаңартылуын және толықтырылуын бақылайды; - қызметкерлерге демалыс беру есебін жүргізеді, кезекті демалыс кестелерінің жасалуына және сақталуына бақылауды жүзеге асырады; - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әскери міндеттілердің есебін жүргізеді; - Т-2 карточкасының нысаны бойынша есеп жүргізеді және толтырады; - еңбекті қорғау саласындағы іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; |
- барлық білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің деректер банкін қалыптастырады;
- «Персоналды басқару» бағдарламасымен жұмысты жүзеге асырады;
- білім беру ұйымдары директорларының жеке құрам бойынша бұйрықтарын (жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, ауыстыру), кадрлық құрам бойынша бұйрықтарын (іссапарлар, тәртіптік жазалар, сыйлықақы беру және материалдық көмек беру) дайындайды;
- еңбек шарттарын дайындауды және ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- білім беру ұйымдарының басшылары, сондай-ақ бөлім қызметкерлері арасында жалпыға бірдей құқықтық оқу өткізуді ұйымдастырады;
- білім беру ұйымдары директорларының жеке істерін, еңбек кітапшаларын жүргізеді;
- білім беру ұйымдары директорларының демалыс кестесін әзірлейді және бақылайды;
- білім беру мекемелерінің педагог кадрларға қажеттілігін зерделейді;
- қаланың білім беру ұйымдарының бос орындары туралы деректер банкін қалыптастырады;
- педагог кадрлардың сапалық құрамы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларымен жұмысты жүзеге асырады;
- «Педагогтердің аттестаттаудан өтуі үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетеді;
- білім беру ұйымдарында (мектепке дейінгі, қосымша және жалпы орта білім беру) - «Педагогтердің аттестаттаудан өтуі үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін сапалы және уақтылы көрсетуге жалпы бақылауды жүзеге асырады;
- ведомстволық бағынысты білім беру мекемелерінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, бас бухгалтерлер бос лауазымдарына тағайындауға келісімді бақылайды;
- оқу орындарының педагогикалық факультеттерінің түлектерін қаланың білім беру мекемелеріне бөлуге қатысады;
- білім беру мекемелеріндегі жас мамандармен жұмысты бақылауды жүзеге асырады;
- білім беру ұйымдарының басшыларын, қаланың білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауға дайындауды жүзеге асырады;
- білім беру ұйымдары директорларының бос лауазымдарына тағайындауға конкурстарды өткізуге құжаттарды дайындайды;
- білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін марапаттауға құжаттарды ресімдейді;
- өз құзыреті шегінде азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерімен жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады;
- біліктілікті арттыру жүйесінде білім беру қызметтерін көрсету бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізеді;





