
Өмірбаян
- гуманитарлық цикл пәндері (қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, орыс әдебиеті, шет тілдері, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық) бойынша орта білім беру ұйымдарында көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын ұсыну бойынша әдістемелік жұмыс жүйесін ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
- білім беру мекемесінің басшылары мен педагог қызметкерлеріне оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда және әдістемелік қамтамасыз етуде, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нысандарын, әдістері мен құралдарын негізді таңдауда және практикалық пайдалануда, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруде көмек көрсетеді;
- білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесінің жай-күйін талдайды, оны ұйымдастыруда және тиісті бейін бойынша әдістемелік қамтамасыз етуде қайшылықтар мен мәселелерді анықтайды;
- орта білім беру ұйымдарының жұмыс оқу-бағдарламалық құжаттамасын және бейіндері бойынша пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу жұмыстарын ұйымдастырады және педагогтарға көмек көрсетеді, оқушылардың білім сапасын арттыру және оқу процесінде әдістер мен тәсілдерді пайдалану тиімділігі жөніндегі ережелерді әзірлейді;
- тиісті бейін бойынша әдістемелік (циклдік), пәндік комиссиялардың, оқытудың мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіру, оқу-тәрбие процесін кешенді педагогикалық қамтамасыз ету бойынша педагогтердің басқа да шығармашылық бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
- педагогтердің кәсіби шеберлік байқауларын, қалалық оқу-әдістемелік іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;- гуманитарлық цикл пәндері бойынша қалалық, облыстық, республикалық байқаулар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар және т.б. өткізу бойынша қажетті құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;
- тиісті ғылыми және өңірлік оқу-әдістемелік білім беру органдарымен олар жүргізетін эксперименттік жұмысқа қатысу, жаңа үлгілік оқу-бағдарламалық құжаттаманы, оқу және әдістемелік құралдар мен әзірлемелерді, оқытудың өзге де құралдарын әзірлеу және оларды сынақтан өткізу мәселелері бойынша өзара іс - қимылды қамтамасыз етеді;
- әрбір оқу тоқсанының қорытындысы бойынша бастауыш сынып пәндері бойынша білім сапасын талдайды, оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша тиісті іс-шаралар өткізеді;
- оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (ОЖСБ) және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім сапасына бақылау жүргізу;
- білім беру ұйымдарының рейтингтік көрсеткіштерінің орындалуын бақылайды;
- «Жаһандық құзыреттілік» факультативтік курсын оқытудың және әдістемелік қамтамасыз етудің жай-күйін зерделейді және талдайды, оқу процесінде қолданылатын құжаттаманы талдайды, бақылау жүргізеді және қажетті есептік құжаттаманы ұсынуды дайындайды;
- Шахтинск қаласының дарынды балаларымен жұмысты және даярлауды қамтамасыз етеді, қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларды, байқауларды, көрмелерді, слеттерді, жарыстарды өткізу бойынша қажетті құжаттаманы әзірлейді және ұйымдастырады; қажетті есептік құжаттаманы дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді және т. б.;
- ҚР «Тіл туралы» Заңының, ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарының орындалу жұмысын ұйымдастырады және бақылайды;
- білім беру ұйымдарында мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту бойынша әдістемелік жұмыс жүйесін ұйымдастырады;
- жаңа бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, ҚР жаңа мемлекеттік стандарттарын енгізу бойынша қоғамдық-гуманитарлық цикл мұғалімдерінің қызметін ұйымдастырады;
- қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндері бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған жобалардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады;
- оқушылардың тиісті бейін бойынша халықаралық салыстырмалы зерттеулер (PISA және TIMSS) жүргізуге дайындығын үйлестіреді;
- тиісті бейін бойынша ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу (оқыту сапасы, жаңа әдістер мен технологияларды пайдалану) мәселесіне жетекшілік етеді;- тиісті бейін бойынша білім беру ұйымдарының білім мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушыларды критериалды бағалауды ұйымдастыруға консультациялық, практикалық көмек көрсетеді;
- пән бейіні бойынша үлгерімі нашар оқушылармен жұмысты ұйымдастырады және бақылайды;
- жалпы білім беретін мектептердің тиісті бейіні бойынша оқушыларын оқулықтармен, оқу құралдарымен, көркем әдебиеттермен қамтамасыз етуге бақылау жүргізеді.- өз бағыты бойынша ҰБДҚ-ны сапалы толтыруды қамтамасыз ету;





