Тажибаева Жупар Ахметкалиевна

    5

    Тажибаева Жупар Ахметкалиевна
    Қызметкерлер

    Тажибаева Жупар Ахметкалиевна

    5

    Өмірбаян

    - жаратылыстану-математикалық цикл пәндері (математика, алгебра, геометрия, химия, физика, география, биология), сондай-ақ «Технология» пәні бойынша орта білім беру ұйымдарында көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын ұсыну бойынша әдістемелік жұмыс жүйесін ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;

    - білім беру мекемесінің басшылары мен педагог қызметкерлеріне оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда және әдістемелік қамтамасыз етуде, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нысандарын, әдістері мен құралдарын негізді таңдауда және практикалық пайдалануда, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруде көмек көрсетеді;

    - білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесінің жай-күйін талдайды, оны ұйымдастыруда және тиісті бейін бойынша әдістемелік қамтамасыз етуде қайшылықтар мен мәселелерді анықтайды;

    - орта білім беру ұйымдарының жұмыс оқу-бағдарламалық құжаттамасын және бейіндері бойынша пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу жұмыстарын ұйымдастырады және педагогтарға көмек көрсетеді, оқушылардың білім сапасын арттыру және оқу процесінде әдістер мен тәсілдерді пайдалану тиімділігі жөніндегі ережелерді әзірлейді;

    - тиісті бейін бойынша әдістемелік (циклдік), пәндік комиссиялардың, оқытудың мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіру, оқу-тәрбие процесін кешенді педагогикалық қамтамасыз ету бойынша педагогтердің басқа да шығармашылық бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

    - жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша, сондай-ақ «Технология» пәні бойынша педагогтердің кәсіби шеберлік байқауларын, қалалық оқу-әдістемелік іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;

    - жаратылыстану-математикалық цикл пәндері, сондай-ақ «Технология» пәні бойынша қалалық, облыстық, республикалық байқаулар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар және т.б. өткізу бойынша қажетті құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;

    - тиісті ғылыми және өңірлік оқу-әдістемелік білім беру органдарымен олар жүргізетін эксперименттік жұмысқа қатысу, жаңа үлгілік оқу-бағдарламалық құжаттаманы, оқу және әдістемелік құралдар мен әзірлемелерді, оқытудың өзге де құралдарын әзірлеу және оларды сынақтан өткізу мәселелері бойынша өзара іс - қимылды қамтамасыз етеді;

    - озық басқарушылық және педагогикалық қызмет тәжірибесін анықтау, қалыптастыру, зерделеу, жинақтау және педагогикалық ортаға трансформациялау, педагогикалық шығармашылықты дамыту, озық педагогикалық тәжірибенің ақпараттық банкін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

    - білім беру ұйымдарындағы «Робототехника» кабинеттерінің қызметін үйлестіреді;- тиісті бейін бойынша ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарындағы пәндік қызметтің мазмұны (оқыту сапасы, жаңа әдістер мен технологияларды пайдалану) мәселесіне жетекшілік етеді;

    - жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдерінің жаңа бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, ҚР жаңа мемлекеттік стандарттарын енгізу жөніндегі қызметін ұйымдастырады;

    - жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған жобалардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады;

    - Т2 (3 ақпарат) статистикалық есебін тапсырады;

    - «Биоинформатика және синергетика» жобасы шеңберінде тәжірибені енгізу және тарату бойынша жұмысты үйлестіреді, Халықаралық Бакалавриат және т.б;

    - оқушылардың тиісті бейін бойынша халықаралық салыстырмалы зерттеулер (PISA және TIMSS) жүргізуге дайындығын үйлестіреді;

    - әрбір оқу тоқсанының қорытындысы бойынша бастауыш сынып пәндері бойынша білім сапасын талдайды, оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша тиісті іс-шаралар өткізеді;

    - оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (ОЖСБ) және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім сапасына бақылау жүргізеді;

    - білім беру ұйымдарының рейтингтік көрсеткіштерінің орындалуын бақылайды;

    - жалпы білім беретін мектептердің тиісті бейіні бойынша оқушыларын оқулықтармен, оқу құралдарымен, көркем әдебиеттермен қамтамасыз етуге бақылау жүргізеді;

    - пән бейіні бойынша үлгерімі нашар оқушылармен жұмысты ұйымдастырады және бақылайды;

    - өз бағыты бойынша ҰБДҚ-ны сапалы толтыруды қамтамасыз ету;

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері