Адамбекова Галина Григорьевна

    2

    Адамбекова Галина Григорьевна
    Қызметкерлер

    Адамбекова Галина Григорьевна

    2

    Өмірбаян

    Әдіскер өз қызметінің ерекшелігі бойынша білуге тиіс:

    - ҚР Конституциясын, «Білім туралы» ҚР Заңын, білім беру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді;

    - біліктілікті арттыру жүйесін, педагогиканы, дидактика принциптерін;

    - білім беру, тәрбиелеу, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және басқа да оқу-әдістемелік құжаттарды;

    - білім беру мен тәрбиелеуді дамыту тұжырымдамасын;

    - оқу-тәрбие процесі мен басқару қызметін ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесін;

    - әдістемелік жұмыстың мазмұнын, нысандарын ұйымдастыру және жетілдіру мәселелерін;

    - оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, дәстүрлі және жаңа түрлері мен әдістерін, оқу-тәрбие процесінің дидактикалық негіздерін, оны ұйымдастырудың қазіргі заманғы талаптарын, оқытудың интерактивті әдістері мен технологияларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;

    - оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету үшін оқу-бағдарламалық құжаттаманы, әдістемелік әзірлемелер мен ұсынымдарды, оқыту құралдарын әзірлеу тәртібі мен технологиясын;

    - педагогиканы, жалпы, жастық және әлеуметтік психология негіздерін, балалар мен жасөспірімдер физиологиясын, әлеуметтік педагогика негіздерін; еңбек заңнамасының негіздерін;

    -еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын.

    2.2 ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

    - мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бойынша білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмыс жүйесін ұйымдастырады;- білім беру мекемесінің басшылары мен педагог қызметкерлеріне оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда және әдістемелік қамтамасыз етуде, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нысандарын, әдістері мен құралдарын негізді таңдауда және практикалық пайдалануда, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруде көмек көрсетеді;- білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесінің жай-күйін талдайды, оны ұйымдастыруда және тиісті бейін бойынша әдістемелік қамтамасыз етуде қайшылықтар мен мәселелерді анықтайды;- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу процесінде қолданылатын оқу-бағдарламалық құжаттамасын талдайды;- педагогтарға жұмыс оқу-бағдарламалық құжаттамаларын әзірлеуге және пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуге көмек көрсетеді және жұмысты ұйымдастырады, білім беру мекемелерінде әдістемелік жұмысты жоспарлайды және ұйымдастырады;- тиісті бейін бойынша әдістемелік (циклдік), пәндік комиссиялардың, оқытудың мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіру, оқу-тәрбие процесін кешенді педагогикалық қамтамасыз ету бойынша педагогтердің басқа да шығармашылық бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;- педагог қызметкерлерге кеңес береді, оларға қажетті әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;- педагогтердің кәсіби шеберлік байқауларын, аудандық (қалалық) оқу-әдістемелік іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;- мектепке дейінгі және бастауыш білім беру саласында қалалық, облыстық, республикалық байқауларды, көрмелерді, олимпиадаларды, слеттерді, жарыстарды және т.б. өткізу бойынша қажетті құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;- мектепке дейінгі білім беру саласындағы педагогтердің кәсіби шеберлік байқауларын, қалалық оқу-әдістемелік іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;- тиісті ғылыми және оқу-әдістемелік білім беру органдарымен олар жүргізетін эксперименттік жұмысқа қатысу, жаңа үлгілік оқу-бағдарламалық құжаттаманы, оқу және әдістемелік құралдар мен әзірлемелерді, оқытудың өзге де құралдарын әзірлеу және оларды сынақтан өткізу мәселелері бойынша өзара іс - қимылды қамтамасыз етеді;- білім беру ұйымдарының әдістемелік жұмыстың барлық бағыттары бойынша өңірлік әдістемелік органдармен, басқа да білім беру мекемелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

    - тиісті бейін бойынша ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу (оқыту сапасы, жаңа әдістер мен технологияларды пайдалану) мәселесіне жетекшілік етеді;

    - тиісті бейін бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің білім сапасына бағалау жүргізуде консультативтік, практикалық көмек көрсетеді;- озық басқарушылық және педагогикалық қызмет тәжірибесін анықтау, қалыптастыру, зерделеу, жинақтау және педагогикалық ортаға трансформациялау, педагогикалық шығармашылықты дамыту, озық педагогикалық тәжірибенің ақпараттық банкін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

    - мектепке дейінгі, оның ішінде қазақ тілінде оқытатын білім беру ұйымдарының желісін сақтау және дамыту жөніндегі жұмысты жоспарлайды және ұйымдастырады;

    - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог кадрларын даярлау мен аттестаттауды өткізуді бақылауды жүзеге асырады;

    - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ақылы білім беру қызметін ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады;

    - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында медициналық қызмет көрсету жұмысын бақылайды;

    - балалардың дарындылығын анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мәдени-ағарту орталықтарымен, қоғамдық ұйымдармен балалар шығармашылығын ұйымдастыру мәселелері бойынша бірлескен қызметін үйлестіреді;

    - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қауіпсіздік техникасының сақталуын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының құрылымына және оларды күтіп – ұстауға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылайды;

    - жетекшілік ететін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру және тәрбие процестеріне бақылауды жүзеге асырады;

    - білім беру ұйымдарының рейтингтік көрсеткіштерінің орындалуын бақылайды;

    - жыл сайынғы статистикалық есептілікті (оқу жылының басына, жетекшілік ететін мәселе шегінде және т.б.) ұсынады;

    - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында іс жүргізудің жүргізілуін бақылайды;

    - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ішкі еңбек тәртібі ережелерінің сақталуын бақылайды;

    - жаңа бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, ҚР жаңа мемлекеттік стандарттарын енгізу бойынша тәрбиешілердің қызметін ұйымдастырады;

    - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының логопедтерімен, психологтарымен жұмысты ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсетеді;

    - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің мазмұнын жаңарту, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

    - қала әкімдігі қаулыларының жобаларын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жарғыларының жобаларын дайындайды;

    - өз құзыреті шегінде азаматтардың өтініштерін қарайды;

    - сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрады;

    - оқушылардың отансүйгіштігін, азаматтылығын, интернационализмін қалыптастыру, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты жүзеге асырады;

    - еңбек тәртібін, бөлім Жарғысын және ішкі тәртіп ережелерін, сондай-ақ әдістемелік кабинет меңгерушісі мен бөлім басшысының тапсырмаларын сақтайды;

    - функционалдық міндеттерін сапалы орындауды қамтамасыз етеді;

    - деректер базасын тек қызметтік мақсатта пайдаланады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері