Кусаинов Фархат

    Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары

    Кусаинов Фархат
    Заместитель акима

    Кусаинов Фархат

    Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    1978 жылы 21 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласында дүниеге келген.

    1998 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, 2003 жылы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

    Еңбек жолын 1998 жылдың қыркүйек айынан 1999 жылдың қаңтар айы аралығында Алматы қаласының Ішкі істер бас басқармасы жанындағы Мемлекеттік күзет қызметі басқармасының мамандандырылған алғашқы дайындық мектебінің тыңдаушы болып бастады.

    1999 жылдың қаңтар айынан мамыр айы аралығында Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасында, жеке батальон полицейскиі лауазымында қызмет атқарды.

    1999 жылдың мамыр айынан 2000 жылдың маусым айы аралығында Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасында, дипломатиялық өкілдіктерді қорғау полиция полкінің инспекторы болып қызмет атқарды.

    2000 жылдың маусым айынан 2002 жылдың тамыз айы аралығында ШҚО ІІД Шемонайха ауданының ішкі істер бөлімінде учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет атқарды.

    2002 жылдың тамыз айынан 2004 жылдың тамыз айы аралығында Алматы қаласының ІІБ-нің тұрғылықты жері және құжаттары жоқ тұлғаларды қабылдап - тарату орнының кезекші инспекторы болып қызмет атқарды.

    2007 жылдың сәуір айынан 2009 жылдың қаңтар айы аралығында Алматы қаласының ІІБ-нің тұрғылықты жері және құжаттары жоқ тұлғаларды қабылдап - тарату орнының жедел уәкілі болып қызмет атқарды.

    2009 жылдың қаңтар айынан 2010 жылдың қаңтар айы аралығында Алматы қаласының ІІД-де әкімшілік қамауға алынған және шетелдіктерді қабылдау жөніндегі арнайы қабылдау бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

    2010 жылдың қаңтар айынан қазан айы аралығында Қызылорда облысының ІІД КПБ-ның мүлік қылмыстармен күрес бөлімінің жедел уәкілі болып қызмет атқарды.

    2010 жылдың қазан айынан 2012 жылдың қыркүйек айы аралығында Қызылорда облысының ІІД КПБ-ның тұлғаның жеке басына қарсы жасалған қылмыстарды ашу бөлімінің жедел уәкілі лауазымында қызмет атқарды.

    2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың сәуір айы аралығында "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының Қаратал ауданының филиалында заң қызметтері бойынша менеджер - кеңесші болып қызмет атқарды.

    2018 жылдың сәуір айынан мамыр айы аралығында "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының Алматы облысының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бойынша 2-ші санатты сарапшы болып қызмет атқарды.

    2020 жылдың тамыз айынан 2023 жылдың ақпан айы аралығында «Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы» филиалының директоры болып қызмет атқарды.

    2023 жылдың ақпан айынан 2024 жылдың қыркүйек айы аралығында "Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы" филиалының директоры лауазымында қызмет атқарды.

    2021 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың наурыз айы аралығында Жетісу облысы Каратал ауданы Маслихатының VII- шақырылым депутаты болды.

    2025 жылғы 06 қарашасынан бастап 2026 жылғы 23 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы лауазымында қызмет атқарды.

    Катонқарағай ауданы әкімінің 2026 жылғы 23 ақпандағы өкімімен 2026 жылғы 24 ақпаннан бастап Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері