Дюсембаев Данияр Бекказиевич

    Катонқарағай ауданының әкімі

    Дюсембаев Данияр Бекказиевич
    Аким

    Дюсембаев Данияр Бекказиевич

    Катонқарағай ауданының әкімі

    Өмірбаян

    1979 жылы 15 қыркүйекте Семей облысы Шұбартау ауданы Өркек ауылдық округінде дүниеге келген. 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, 2007 жылы Орталық-Азия университетін «Юриспруденция» мамандығы, 2019 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдады.

    Еңбек жолын 1998 жылдың ақпан айынан 2000 жылдың қараша айы аралығында ШҚО Өскемен қаласында «Тұрмыстық қызметтер үйі» АҚ –да күзетші болып бастады.

    2002 жылдың маусым - қараша айлары аралығында ШҚО Өскемен қаласында «Мелада» ЖШС-де , охранник болып қызмет атқарды.

    2003 жылдың сәуір айынан 2005 жылдың қараша айы аралығында ШҚО Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан облысының ІІД, ҚР ішкі істер органында қызмет атқарды.

    2005 жылдың желтоқсан айынан 2006 жылдың сәуір айы аралығында ШҚО Өскемен қаласында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Әкімшілік бөлімінің маманы болып қызмет атқарды.

    2006 жылдың сәуір - маусым айлары аралығында ШҚО Өскемен қаласында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде күзет қызметінің бастығы болып қызмет атқарды.

    2006 жылдың шілде - тамыз айлары аралығында ШҚО Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінде, ресми сайттын аудармашысы болып қызмет атқарды.

    2006 жылдың тамыз айынан 2007 жылдың маусым айы аралығында ШҚО Өскемен қаласында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ішкі қауіпсіздік қызметінің бастығы болып қызмет атқарды.

    2007 жылдың маусым айынан 2008 жылдың наурыз айы аралығында ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК №10 филиалының директоры болып қызмет атқарды.

    2008 жылдың наурыз айынан 2009 жылдың қыркүйек айы аралығында ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК №1 филиалының директоры болып қызмет атқарды.

    2009 жылдың қыркүйек-тамыз айлары аралығында ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

    2009 жылдың қазан айынын 05-25 күндері ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК №1 филиалының директоры болып қызмет атқарды.

    2009 жылдың қазан айынан 2010 жылдың мамыр айы аралығында ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

    2010 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК №4 филиалының директоры болып қызмет атқарды.

    2010 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ШҚО Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы әкімшілік бөлімінің бас маман-заңгерінің міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.

    2010 жылдың желтоқсан айынан 2011 жылдың маусым айы аралығында ШҚО Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы әкімшілік бөлімінің бас маман-заңгері болып қызмет атқарды.

    2011 жылдың маусым айынан 2012 жылдың қараша айы аралығында ШҚО Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарды.

    2012 жылдың қараша айынан 2013 жылдың маусым айы аралығында ШҚО Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімінің облыс әкімінің бас инспекторы лауазымында қызмет атқарды.

    2013 жылдың қараша- желтоқсан айлары аралығында ШҚО Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімінің бас инспекторы лауазымында қызмет атқарды.

    2013 жылдың желтоқсан айынан 2014 жылдың қаңтар айы аралығында ШҚО Риддер қаласында Риддер қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы лауазымында қызмет атқарды.

    2014 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында ШҚО Риддер қаласында Риддер қаласы әкімі аппараты басшысы лауазымында қызмет атқарды.

    2014 жылдың қазан айынан 2022 жылдың сәуір айы аралығында ШҚО Риддер қаласында Риддер қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

    2022 жылдың сәуір айынан 2023 жылдың ақпан айы аралығында ШҚО Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министірлігінің Сауда комитеті Шығыс Қазақстан облысының сауда департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.

    2023 жылдың ақпан айынан 2024 жылдың қыркүйек айы аралығында ШҚО Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министірлігінің Сауда комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.

    2024 жылдың 06 қыркүйегінен бастып Катонқарағай аудандық мәслихатының №19/243-VIII Шешімімен Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері