Елчибеков Айбек Толепбердинович

    Аудан әкімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша көмекшісі

    Елчибеков Айбек Толепбердинович
    Заместитель акима

    Елчибеков Айбек Толепбердинович

    Аудан әкімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша көмекшісі

    Өмірбаян

    1977 жылы 03 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Медведка ауылында дүниеге келген.

    1998 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғары Шекара командалық училищесінің «Бөлімшелердің жауынгерлік қызметтік жұмысын басқару» мамандығы бойынша тәмамдады.

    Еңбек жолын 1994 жылдын шілде айынан 1998 жылдың мамыр айы аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғары командалық училищесінің курсанты болып бастады.

    1998 жылдың мамыр айынан шілде айы аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау күштері қолбасшысының қарауында болды.

    1998 жылдың шілде айынан 1999 жылдың қараша айы аралығында ҚР ҰҚК Күршім шекара отрядының «Бобровка» шекара комендатурасының қызметтік және жауынгерлік дайындық офицері лауазымында қызмет атқарды.

    1999 жылдың қараша айынан желтоқсан айы аралығында ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының қарамағында қызметін атқарды.

    1999 жылдың желтоқсан айынан 2003 жылдың қаңтар айы аралығында ҚР ҰҚК ШЖ Күршім шекара отрядының «Орловка» шекара заставасының бастығы болып қызмет атқарды.

    2003 жылдың қаңтар айынан қараша айы аралығында ҚР ҰҚК ШЖ Өскемен шекара отрядының «Үшбұлақ» шекара бастығы лауазымында қызмет атқарды.

    2003 жылдың қараша айынан 2004 жылдың шілде айы аралығында ҚР ҰҚК ШҚ Өскемен шекаралық жасағы штабының аға офицері болып қызмет атқарды.

    2004 жылдың шілде айынан 2005 жылдың маусым айы аралығында ҚР ҰҚК ШҚ Өскемен шекаралық жасағының" Бородулиха " шекара комендатурасының коменданты болып қызмет атқарды.

    2005 жылдың маусым айынан қыркүйек айы аралығында ҚР ҰҚК ШҚ "Солтустик" өңірлік басқармасының жедел кезекшілер бөлімінің талдау тобының офицері лауазымында қызмет атқарды.

    2005 жылдың қыркүйек айынан 2007 жылдың қыркүйек айы аралығында ҚР ҰҚК ШҚ Зайсан шекаралық отрядының "Шілікті" шекаралық комендатурасының коменданты болып қызмет атқарды.

    2007 жылдың қыркүйек айынан 2010 жылдың қазан айы аралығында ҚР ҰҚК ШҚ Зайсан шекаралық отрядының мемлекеттік шекара күзеті бөлімшесінің аға офицері болып қызмет атқарды.

    2010 жылдың қазан айынан 2012 жылдың шілде айы аралығында ҚР ҰҚК ШҚ Зайсан шекаралық отрядының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

    2012 жылдың шілде айынан қыркүйек айы аралығында "Шығыс" ПС КИБ РК бастығы лауазымында қызмет атқарды.

    2012 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың қазан айы аралығында ҚР ҰҚК ШҚ Күршім шекаралық отрядының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімі бойынша "Өрел" комендатурасының коменданттың бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

    2013 жылдың қазан айынан 2019 жылдың мамыр айы аралығында ҚР ҰҚК ШҚ Күршім оқу орталығы шекаралық отрядының бастығы болып қызмет атқарды.

    2021 жылдың шілде айынан 2025 жылдың маусым айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Белқарағай ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.

    Катонқарағай ауданы әкімінің 2025 жылғы 10 қарашадағы өкімімен Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері