
Жакитов Серик Мурзавалиевич
Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1989 жылы 07 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдында дүниеге келген. 2010 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтады. 2012 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 2011 жылдың ақпан айынан 2011 жылдың шілде айы аралығында Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде маманның көмекшісі ретінде бастады.
2011 жылдың шілде айынан 2012 жылдың тамыз айы аралығында Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту орталығының бас маманы болып қызмет атқарды.
2012 жылдың тамыз айынан 2014 жылдың қыркүйек айы аралығында Катонқарағай ауданының қаржы бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2014 жылдың қыркүйек айынан 2017 жылдың наурыз айы аралығында Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.
2017 жылдың наурыз айынан 2018 жылдың қыркүйек айы аралығында Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы болып жұмыс атқарды.
2018 жылдың қыркүйек айы 2019 жылдың тамыз айы аралығында Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды.
2019 жылдың тамыз айынан 2020 жылдың қараша айы аралығында Катонқарағай ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.
2020 жылдың қараша айынан 2023 жылдың қаңтар айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.
2023 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың маусым айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.
Катонқарағай ауданы әкімінің 2023 жылғы 13 маусымдағы өкімімен Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.




