
Шапенов Әли Архатұлы
Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1994 жылы 27 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген.
2016 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы, 2022 жылы Алматы гуманитарлы-экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 2017 жылдың тамыз айынан қараша айы аралығында Риддер қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Статистика комитетінің Шығыс Қазақстан облысы Статистика департаменті Риддер қаласының Статистика басқармасында жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастады.
2017 жылдың қараша айынан 2018 жылдың сәуір айы аралығында Риддер қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Статистика комитетінің Шығыс Қазақстан облысы Статистика департаменті Риддер қаласының Статистика басқармасының жетекші маманы болып қызмет атқарды.
2018 жылдың сәуір айынан 2020 жылдың қараша айы аралығында ШҚО Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Статистика комитетінің Шығыс Қазақстан облысы Статистика департаменті Өскемен қаласының жетекші маманы болып қызмет атқарды.
2020 жылдың қараша айынан 2021 жылдың ақпан айы аралығында ШҚО Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Өскемен қаласының Статистика басқармасының жетекші маманы болып қызмет атқарды.
2021 жылдың ақпан айынан қыркүйек айы аралығында ШҚО Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Өскемен қаласының Статистика басқармасының бас маманы болып қызмет атқарды.
2021 жылдың қыркүйек айынан 2022 жылдың наурыз айы аралығында ШҚО Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті сауда статистикасы басқармасының бас маманы болып қызмет атқарды.
2022 жылдың наурыз айынан 2024 жылдың мамыр айы аралығында ШҚО Риддер қаласында Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Риддер қаласының Статистика басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.
2024 жылдың мамыр айынан қыркүйек айы аралығында ШҚО Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2024 жылдың қазан айының 03- 17 күндері аралығында ШҚО Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылында Катонқарағай ауданы әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқарды.
2024 жылдың қазан айынан қараша айы аралығында ШҚО Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылында Катонқарағай ауданы әкімі аппараты кеңсе және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.
Катонқарағай ауданы әкімінің 2024 жылғы 04 қарашадағы өкімімен Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.




