Нұрқас Айтас Айқынұлы

    Әкім аппаратының басшысы

    Нұрқас Айтас Айқынұлы
    Руководитель аппарата

    Нұрқас Айтас Айқынұлы

    Әкім аппаратының басшысы

    Өмірбаян

    1994 жылы 20 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Чернова ауылында дүниеге келген.

    2016 жылы «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету», 2024 жылы «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес АҚ «Математика-Информатика» мамандығы бойынша тәмамдады.

    Еңбек жолын 2015 жылы тамыз айынан 2016 жылы қыркүйек айы аралығында Астана қаласындағы "Асқар Айя" ЖШС менталдық арифметика оқытушысы болып бастады.

    2016 жылы қыркүйек айынан 2018 жылдың мамыр айы аралығында Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған № 81 «Astana English School» гимназиясында менталды арифметика секциясының жетекшісі лауазымында қызмет атқарды.

    2018 жылы мамыр айынан 2019 жылдың қазан айы аралығында "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарғай ауданы Солоновка ауылдық округ әкімі аппаратының" бас маманы лауазымында қызмет атқарды.

    2019 жылы қазан айынан 2021 жылы маусым айы аралығында "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылыдық округ әкімінің аппаратының бас маманы лауазымында қызмет атқарды.

    2021 жылы маусым айынан 2023 жылы мамыр айы аралығында Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің төтенше жағдайлар жөніндегі әдіскері (мобильді топтың маманы) болып қызмет атқарды.

    2023 жылы маусым айынан 2024 жылы маусым айы аралығында Катонқарағай ауданы әкімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі көмекшісі лауазымында қызмет атқарды.

    2024 жылы маусым айынан 2026 жылдың сәуір айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Ақсу ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.

    Катонқарағай ауданы әкімінің 2026 жылғы 26 мамырдағы өкімімен Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері