
Өмірбаян
-білім беру мекемесінің басшылары мен педагог қызметкерлеріне оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда және әдістемелік қамтамасыз етуде, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нысандарын, әдістері мен құралдарын негізді таңдауда және практикалық пайдалануда, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруде көмек көрсетеді;
- білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесінің жай-күйін талдайды, оны ұйымдастыруда және тиісті бейін бойынша әдістемелік қамтамасыз етуде қайшылықтар мен проблемаларды анықтайды;
- орта білім беру ұйымдарының жұмыс оқу-бағдарламалық құжаттамасын және бейіндік бағыт бойынша пәндерін әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу жұмыстарын ұйымдастырады және педагогтарға көмек көрсетеді, оқушылардың білім сапасын арттыру және оқу процесінде әдістер мен тәсілдерді пайдалану тиімділігі бойынша ережелерді әзірлейді;
-оқытудың мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіру, оқу-тәрбие процесін кешенді педагогикалық қамтамасыз ету бойынша педагогтердің әдістемелік (циклдік), пәндік комиссияларының, басқа да шығармашылық бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
- қаланың білім беру ұйымдарының педагог кадрларын қайта даярлау курсының мониторингін жүзеге асырады;
- көптілділік және пәндер бойынша біліктілікті арттыру курстарының ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
- қаланың білім беру ұйымдары педагогтерін қайта даярлау курсының мониторингін жүзеге асырады;
- біліктілікті арттыру жүйесінде білім беру қызметтерін көрсету бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізеді;
- білім беру ұйымдарында кітапхана ісі бойынша әдістемелік жұмыс жүйесін ұйымдастырады;
- Шахтинск аймағының жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларын оқулықтармен, оқу құралдарымен, көркем әдебиеттермен қамтамасыз етуге бақылау жүргізеді;
- білім беру ұйымдарында мерзімді басылымдарға жазылу жұмыстарын бақылайды;
- кітапханашылардың жұмысын, белгілі бір құжаттардың жүргізілуін бақылайды;
- кітапханашылардың жұмысын ұйымдастырады және бағдарламаларды құрастыруға көмек көрсетеді, оларға кеңес береді, оларға қажетті әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
-тиісті ғылыми-және оқу-әдістемелік білім беру органдарымен жүргізілетін эксперименттік жұмысқа қатысу, жаңа құжаттаманы әзірлеу және оларды апробациялау мәселелері бойынша өзара іс - қимылды қамтамасыз етеді;
- кітапхана қызметінің тәжірибесін анықтау, қалыптастыру, зерделеу, жинақтау және трансформациялау, озық тәжірибенің ақпараттық банкін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- конкурстар, көрмелер және т. б. өткізу бойынша қажетті құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді, қалалық, облыстық конкурстарды дайындауға және өткізуге қатысады;
- кітапханашыларды жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырады, тиісті салада әдістемелік және инновациялық жұмыс жүйесін жоспарлайды;;
- жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының жұмысына жетекшілік етеді, психологиялық қызметтің жұмысын үйлестіреді, психологиялық көмек көрсету бойынша іс-шараларды жүзеге асырады (психокоррекциялық, оңалту және консультациялық);
- Жалпы білім беретін мектептердегі медиация қызметтерінің жұмысына құжаттама жүргізуді ұйымдастырады (мектептік медиация қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру);
- кітап қорын толықтыру, сақтау және қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады;
- білім беру ұйымдарының барлық түрлерінің қамқоршылық кеңестерінің қызметін үйлестіреді .





