Әліппаев Аслан Әкімұлы

    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы

    Әліппаев Аслан Әкімұлы
    Директор

    Әліппаев Аслан Әкімұлы

    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы

    Өмірбаян

    Аслан Әліппаев 1992 жылы Петропавл қаласында дүниеге келген.

    Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

    Еңбек жолын 2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жастар практикасы бойынша заңгер болып бастады.

    2015 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында мерзімді әскери қызмет атқарды.

    2017-2018 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің тауар нарықтарындағы монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тергеп-тексеру бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің талдау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2021 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тергеп-тексерулер департаменті картельдермен күрес басқармасының бас сарапшысы, бас консультанты болып жұмыс істеді.

    2022 жылғы қарашадан 2026 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2026 жылдың 5-ші мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері