
Сұлтанкұлова Лязат Рашқызы
Департамент басшысының орынбасары
Өмірбаян
Султанкулова Лязат 1965 жылы дүниеге келген.
1992 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсіптік техникалық институтының Алматы филиалында оқып бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы № 4 кафе, асхана жұмысшысы, инженер-технолог болып Жамбыл қаласында бастаған.
1994 – 1996 жылдар аралығында Орталық ауданның оқушы-студент тамақтандыру комбинатында бас экономист лауазымында жұмыс атқарған.
1999-2000 жылдар аралығында «Керемет» ШҚ-да бас бухгалтер болып жұмыс жасаған.
2001-2002 жылдар аралығында Жамбыл облысының коммуналдық меншік департаменті ММ-де бас маман болып жұмыс істеген.
2005-2006 жылдар аралығында Табиғи монополиялардың қызметін реттеу және қорғау департаментінде жетекші маман қызметін атқарған.
2006 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің тарифтер басқармасында бас маман лауазымында еңбек еткен.
2006-2007 жылдар аралығында Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы басқармасында жетекші маман болған.
2007-2008 жылдар аралығында Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы басқармасында бас маман лауазымында жұмыс атқарған.
2008-2012 жылдар аралығында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Жамбыл, Қызылорда және ОҚО облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының Жамбыл облысы бойынша аумақтық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
2012-2014 жылдар аралығында ҚР ҰЭМ ТМРжБҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті талдау және тауар нарықтарының монитортнгі бөлімінің басшысы болып жұмыс жасаған.
2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаменті тауар нарықтарының мониторингі және талдау бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеген.
2016-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаменті тауар нарықтарында монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтарын тергеп-тексерулер бөлімінің бөлім басшысы болған.
2017-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тауар нарықтарында монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тергеу бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.
2019-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарады.





