
Қадырбаев Диас Талғатұлы
Әкімшілік-қаржы Департаментінің директоры
Өмірбаян
Қадырбаев Диас Талғатұлы 1989 жылы 23 наурызда дүниеге келген.
Ол Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін 2010 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген және 2015 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында алған Лондон Патшайым Мария университетінің (Ұлыбритания) Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие.
Жалпы еңбек өтілі 13 жылды құрайды, оның 11 жылы мемлекеттік қызметте жұмыс істейді.
2023 жылдан бастап Қадырбаев Диас президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.
2010 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволарында әртүрлі лауазымдарда болды.
2021 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың маусымына дейін ол «Астана халықаралық қаржы орталығы» мен жеке құрылымдарда жұмыс жасады.
2024 жылғы 17 маусымнан бастап мемлекеттік қызмет істері агенттігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Әкімшілік-қаржы департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.





