
Найманова Гүлмира Ерғалиқызы
Департамент басшысының орынбасары
Өмірбаян
Найманова Гульмира 1977 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы Астана қаласының соттар әкімшісінде іс жүргізуші қызметінен бастаған.
2006-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттар әкімшісі жөніндегі комитетінде іс жүргізуші болып жұмыс атқарған.
2007 жылы Шығыс Қазақстан облыстық сотында бас маман міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттар әкімшісі жөніндегі комитетінің жетекші маманы қызметтерін атқарған.
2007-2015 жылдар аралығында Алматы облыстық сотының маманы, жетекші маманы, бас маманы, Алматы облысытық соты кеңсесінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы, кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, персаналды басқару бөлімінің бас маманы, Алматы облыстық соты кеңсесінің бас маман сот мәжілісінің хатшысы, Алматы облыстық соты кеңсесінің бақылау және құжат айналымы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2015-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, тергеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін тергеу бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.
2019-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті тергеу бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
2020 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті тергеу бөлімінің бөлім басшысы қызметіне тағайындалған.
2020-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті тергеу бөлімінің бөлім басшысы болып жұмыс атқарған.
2022-2025 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті тергеп-тексерулер бөлімінің бөлім басшысы болып жұмыс атқарған.
2025 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарады.





