
Шагирова Райгуль Галимжановна
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ БҚО бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Жәнібек аудандық бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Шагирова Райгуль Галимжановна 1981 жылы 19 тамызда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
1987 жылы Жәнібек ауылындағы №1 орта мектебіне 1-ші сыныпқа қабылданып, 1998 жылы аталған мектепті аяқтап шыққан. 1999 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне «құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2003 жылы «жоғары кәсіби білімді заңгер» біліктілігі бойынша тәмәмдаған.
2003-2004 жж. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының іс-қағаздарымен жұмыс жөніндегі маманы.
2004 жылы Жәнібек ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің маманы.
2004-2006 жж. Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің қамқоршы және қорғау жөніндегі жетекші маманы.
2006-2007 жж. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының құқықтық мәселелері жөніндегі бас маманы.
2007-2009 жж. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің құқықтық мәселелері жөніндегі бас маманы.
2009 жылғы қазан айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ БҚО бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Жәнібек аудандық бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Жанұялы. 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.





