Хаби Мейіржан Халиханұлы

    «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның Жәнібек аудандық электр торабының бастығы

    Хаби Мейіржан Халиханұлы
    Депутат маслихата

    Хаби Мейіржан Халиханұлы

    «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның Жәнібек аудандық электр торабының бастығы

    Өмірбаян

    Хаби Мейіржан Халиханұлы 1972 жылы 16 наурызда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

    Алғашқы еңбек жолын 1988жылы Свердлов совхозында жұмысшы болып бастаған. 1990-1992 жж. Отан алдындағы әскери борышын өтеген.

    1992 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетіне«зоотехния» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1997 жылы «зооинженер» біліктілігі бойынша тәмәмдаған.2013 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «электр энергетикасы» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

    1997-1998 жж. «Орал Энерго» АҚ электр энергетикасын сату және тасымалдау оң жағалау филиалының Жәнібек аудандық электр торабының электромонтеры.

    1998-2000 жж. Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясының «Орал Энерго» АҚ Жәнібек аудандық электр торабының электромонтеры.

    2000-2003 жж. Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясының «Орал Энерго» АҚ Жәнібек аудандық электр торабының мастері.

    2003-2009 жж. Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясының АҚ-ның Жәнібек аудандық электр торабының бас инженері.

    2009 жылы «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның Жәнібек аудандық электр торабы бастығының міндетін атқарушы.

    2009-2010 жж. «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның Жәнібек аудандық электр торабының бас инженері.

    2010 жылғы сәуір айынан бастап «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның Жәнібек аудандық электр торабының бастығықызметін атқарып келеді.

    « AMANAT » партиясының мүшесі. Жанұялы. 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері