
Өмірбаян
Абдулова Айслу Ахмедияровна 1981 жылы 17 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
1987 жылы Жәнібек ауылындағы №1 орыс мектебіне барып, 1998 жылы атаған мектепті бітірді. 1998 жылы Орал қаласындағы мемлекеттік емес мекеме «Педколледжге» оқуға түсіп, 2001 жылы «Бастауыш сыныпта оқыту» мамандығы бойынша тәмәмдады. 2001 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универсиетіне түсіп, 2004 жылы «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәмәмдады. 2001-2004 жж. Жәнібек балабақшасының тәрбиешісі, 2004-2005 жж педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің мұғалім-логопеді, 2005 жылы Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 2005-2007 жж. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, 2007-2012 жж. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің меңгерушісі, 2012-2013 жж. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау жөніндегі бас маманы, 2013-2018 жж. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы, 2019-2020 жж. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ БҚО бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының Жәнібек аудандық филиалының маманы, 2020 жылғы 14 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 1 сәуірге дейін арнайы тексеруден өткенше Жәнібек аудандық мәслихат аппараты бас маманының міндетін уақытша атқарушы. 2021 жылғы 1 сәуірден бастап арнайы тексерудің қорытындысы бойынша Жәнібек аудандық мәслихат аппаратының бас маманы болып қызмет атқарып келеді.
Тұрмыста. Отбасында бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.





